СК-Фармация

Дәрілік заттарды сатып алу

15 қараша 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті әлеуетті жеткізушілер!

2020 жылға (308 лот) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендер шеңберінде, 2019 жылғы 15 қарашада аукцион өткізу кезінде (№363660-1 хабарландыру) http://www.sk-pharmacy.ecc.kz/ сатып алу веб-порталында,  бірқатар лоттар бойынша аукционның уақтылы басталмауына, бірінші қадам кезінде баға ұсыныстарын беруге уақыттың қысқаруына (30 минут), сондай-ақ аукционның уақытынан бұрын аяқталуына әкеп соққан,  техникалық қателіктер жіберілген.

Осыған байланысты аукцион нәтижелері жойылады, ал аукцион 2019 жылғы 18 қарашаға сағат 10.00-ге ауыстырылады, бұл туралы Сізге "Электрондық қаржы орталығы" АҚ тікелей сатып алу веб-порталында хабарланатын болады.

Біз кешірім сұраймыз! Түсіністікпен қарауға сұраймыз!

«СК-Фармация» ЖШС-нің  сатып алу Басқармасы

11 қараша 2019

Хабарландыру

Құрметті әлеуетті жеткізушілер!

Қазіргі уақытта сатып алудың веб-порталы http://www.sk-pharmacy.ecc.kz/ техникалық себептер бойынша пайдалану үшін қолжетімсіз.

Осыған байланысты 2019 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендер шеңберінде тендерлік өтінімдерді ашу мерзімдері (2 лот) және  2020 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендер шеңберінде аукцион өткізу (308 лот), 2019 жылдың 13 қарашасына тағайындалған, "Электрондық қаржы орталығы" АҚ –мен кешірек уақытқа көшірілетін болады, бұл туралы Сізге сатып алу веб-порталынан хабарламалар арқылы хабарланатын болады.

 "СК-Фармация"ЖШС-нің  сатып алу Басқармасы.